Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Биыл Астанада 63 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарда бар

28.03.2023ж. 20:00
668
Биыл Астанада 63 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарда бар

Елордада биыл 63 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев осылай дейді. Сондай-ақ қысқа мерзімді оқыту, қайта даярлау курстарынан өтіп, тұрақты кәсіппен айналысуға мүмкіндік бар. Астана тұрғындарымен кездесу кезінде вице-министр оның жолдарын, жалпы әлеуметтік қолдау мәселелері туралы айтты.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Жанұя отбасы институтын қолдау орталығында болды. Ол халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістердің барлығы қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған деді.

Олжас ОРДАБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Бізде қысқа мерзімді оқыту, қайта даярлау курстары бар. Егер адам жұмыс таба алмай жүрсе, бір айдан үш айға дейін қысқа мерзімде қайта оқуына болады. Сұранысы жоғары мамандық алып, оны табыс көзіне айналдыра алады.

Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, науқас бала бағып отырған жанұяларға көмек бар.

Илья СКУБ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл - әрбір мемлекеттік органға тікелей қатысты мәселелер. Отбасының әлеуметтік картасы бойынша жұмыста өзара әрекеттесу тұрғысынан мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару, сондай-ақ жұмыспен қамту орталықтарын қайта құру.

Айта кетейік, жиында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласы, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жайы талқыланды.