$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Техникалық сала студенттеріне шәкіртақы беру бағдарламасы басталды

AstanaTV
14.09.2016ж. 20:00
4167
Техникалық сала студенттеріне шәкіртақы беру бағдарламасы басталды

Жоғары оқу орындарының соңғы курсында оқитын студенттерді ынталандыру жұмыстары қолға алынды. Енді техникалық салаларда оқитын үздік студенттерге «Озат» шәкіртақысы тағайындалмақ. Бұл игі іске «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бастамашы болып отыр. «Озат» шәкіртақысының иегерлері  «Самұрық-Қазына» компаниясында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.

Конкурсқа мұнай-газ және атом өнеркәсібі, телебайланыс, көлік және логистика, энергетика өнеркәсібі және химия өнеркәсібі мамандықтарын таңдаған шәкірттер қатыса алады. Студенттер күндізгі бөлімде оқитын, бакалавриат дәрежесін алған болуы шарт. Конкурстық комиссия олардың үлгерімдерімен қатар ғылым және спортқа деген қызығушылықтарына да қарйды. Өмірлік ұстанымдарына, университеттің қоғамдық өміріндегі белсенділігіне де мән беріледі. Сонымен қатар шәкірттің отбасылық материалдық жағдайы да ескеріледі. Бәйге 20 қыркүйектен бастау алмақ. Байқау бойынша барлығы 130 оқу гранты қарастырылған. Бағдарламаның әкімшісі «Taiburyl» қоғамдық бірлестігі.

Олжас Құдайбергенов, «Тайбурыл» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Бұл бағдарлама тек техникалық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған. Себебі техникалық мамандар қазіргі күні дефицит болып жатыр. Әсіресе «Самұрық-Қазына» қорының ішіне кіретін компанияларда.

Лима Диас, «Самұрық-Қазына TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры:

Студенттерге бөлінетін шәкіртақы олардың болашаққа деген жоспарларының жүзеге асуына аз да болса сеп болады деген үміттеміз. Және бұл келешекте өз мамандықтары бойынша тұрақты жұмыс табуларына кепіл болады деп ойлаймыз. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА