Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

«Нұр Отан» партиясы жанындағы СЖҚІҚ жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес шекара жұмысымен танысты

AstanaTV
14.09.2016ж. 20:00
3454
«Нұр Отан» партиясы жанындағы СЖҚІҚ жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес шекара жұмысымен танысты

«Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің жұмыс тобы «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қалжат» бақылау-өткізу пунктінде болды. Мақсат - мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін зерделеу.

Қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Қалжат» бекеті арқылы күніне орта есеппен 40-50 жүк көлігі өтеді. Мұнда санитарлық, ветеринарлық, фитосанитариялық және көліктік бақылау қызметтері жүргізіледі. Сондай-ақ жұмыс тобы мобильді ақпараттық-тексеру кешендері мен ақпараттық жүйелердің жұмысына қанықты. Шешуді қажет ететін мәселелер де бар, соның бірі шекара бекетінің мейрамдар мен демалыс күндердегі жұмыс кестесі.

Құлмұхамед Исахов, Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:

Сыртқы экономикалық қатысушылар қазір 28 автокөлік осы жерде өтіп жатыр. Енді қазір көтерілген мәселе - шекараны осылар толық өтпейінше, шекараның ашық тұру мәселесі.

«Қалжат» бекеті арқылы өткен жылы 4,5 мыңдай көлік өтсе, биылғы сегіз айда алты мыңға жуық көлік рәсімделген. Жүк көліктерінің тұрып қалуы тауарларға кері әсерін тигізбей қоймайды. Қоғамдық кеңес мүшесі, мәжілісмен Омархан Өксікбаев мәселені шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Омархан Өксікбаев, «Нұр Отан» партиясы жанындағы СЖҚІҚ жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мүшесі:

24 сағат жұмыс істейтін де мүмкіндіктер қарастыруға болатын шығар деп ойлаймын. Оны қазір тәжірибені де қарау керек және кейбір техникалық нормативтер де болады, түнде, өздеріңіз білесіздер, қараңғының аты қараңғы, өту мәселесінде теріс келеңсіздіктер орын алуы мүмкін. Сондықтан бұның бәрін жан-жақты сараптап, сосын ойлаймыз өзіміз, шешетін мүмкіндіктері бар деп.