Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Чилиде құс тұмауы адамға жұқты

AstanaTV
30.03.2023ж. 11:54
874
Чилиде құс тұмауы адамға жұқты

Чилиде алғаш рет құс тұмауының адамға жұғу фактісі тіркелді.

Мұны елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.

Вирус 53 жастағы ер адамнан анықталған. Қазір оның жағдайы тұрақты. Науқаспен байланыста болған адамдардың денсаулығы тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, Н5N1 штамы Чилиде былтыр жабайы аңдардан табылған еді. Осыған байланысты құс етін экспорттауға уақытша тыйым салынды. Денсаулық сақтау мамандарының сөзінше, құс тұмауының адамнан адамға жұғу қаупі төмен.

Дегенмен вакцина жасаушылар бұл індетке қарсы екпе дайындап жатыр.