Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

3 адамды опат қылған апат

AstanaTV
30.03.2023ж. 13:55
713
3 адамды опат қылған апат

Қостанай облысында жүк көлік жүргізушісі 7 жылға сотталды.

Аудан тұрғыны тиісті рұқсат құжаттарын болмағанына қарамастан Қостанай-Әулиекөл-Сұрған бағытында камазды тіркемесімен тізгіндеген көрінеді. Тіркеме көліктен ағытылып, қарсы беттегі «Toyota Estima» маркалы автомашинаға соғылады.

Жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орында қайтыс болған. Тағы бір жолаушы ауыр халде аурухана жеткізіліпті.

Сотталушы кінәсін толық мойындады. Әулиекөл аудандық соты оған 5 жыл көлік жүргізу құқығынан, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Жәбірленуші тараптың материалдық және моральдық залалды өндіру жөнінде азаматтық талап-арызы жекелей қанағаттандырылды.