Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Қашып шықтық үйден",-тұрғын

30.03.2023ж. 20:00
1164
"Қашып шықтық үйден",-тұрғын

Ақтөбеде Қарғалы өзені арнасынан асып, жағалауындағы үйлер суға кетті. Қазір үш бірдей бау бақша ұжымында жиырма шақты үйге су кірген. Жүзге жуық адам эвакуацияланды. Олар жылыту бекеттеріне орналасқан. Ыстық тамақ қамтамасыз етілді. Тілшіміз Бақыт Рахметова өңірдегі жағдайды толығырақ айтады.

Бақыт РАХМЕТОВА,ТІЛШІ:

Бұл жерге су кеше кештен бастап келе бастаған. Ал таңғы алтыда бұл жердің халқы эвакуацияланды. Қазіргі үйлердің барлығының жағдайы осындай. Үйлердің ішіне су кірген.

Бұл жерде отыз шақты үй бар. Соның оннан астамына су кірген. Тұрғындар тек құжаттарын ғана алып үлгеріпті.

Райхан ҮРКЕНБАЕВА, ТҰРҒЫН:

Су тұр үйде шығып кеттік үйден алты жарымда арнасын бұзған. Су кетіп жатыр деп көрші звондады. Қашып шықтық үйден. Акимат жұмыс жасамайды. Кеше солдаттарды топырақты жібереміз деді. Показуха. Дамбыны ашқан. Шлюзды ашқан.

Асланбек ТӨРЕБЕКОВ, ТҰРҒЫН:

Эвакуация жасап жатыр. Кілттерін кілттеп құжаттарын алып киімдерін алып кетіп жатыр. Холодильник бәрі кетті. Бүгін түнімен су алады. Мына жердің бәрін шаяды қазір.

2017 жылы да бұл аумақта су тасқыны болған. Жағдай бес жылдан соң қайталанып тұр. Халық алдын ала ескетпеді деп өкпелі. Қазір эвакуацияланғандар спорт кешенінде тұрып жатыр.

Айдана КЕНЖЕҒҰЛОВА, ТҰРҒЫН:

Полностью үйге су кіріп тұр. Неше жылдан бері тірнектеп жинаған дүниенің барлығы судың астында қалып тұр. Қолдан жасайды. Ашады. Оны мойындамайды әкім. Бұл талая вода дейді. Халық жында емес қой. Талая вода кететін уақыт болды ғой. Напор қатты. Бір сағаттың ішінде менің аулам, үйім суға толып кетті.

Қазір құтқарушылар су алған үйлерге құм толы қапшықтармен қоршау, бөгеттер жасап әлек. Әкімдіктегілер әбігерге түсірген қар суы дейді.

Мұрат ЖӨРЕБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ:

Өзіңіз білесіздер екі есе көп қар жауды өңірде оның себебінен Жаман Қарғалы толып бүгін су тасқыны болып жатыр. Каргалинский су қоры шлюз ашылған жоқ. Оның әлі резевтері бар. Соны толтырып жатырмыз. Шлюз ашылған жоқ.

Тасқынның қарқыны қайтқаннан кейін арнайы комиссия құрылады. Келген шығын көлемі есептеледі.