$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматылық дәрігер ұшақта жүрегі қысылып, есінен танған жолаушыны аман алып қалды

30.03.2023ж. 20:00
887
Алматылық дәрігер ұшақта жүрегі қысылып, есінен танған жолаушыны аман алып қалды

Алматылық дәрігер ұшақта жүрек талмасына ұшыраған жолаушыны аман алып қалды. Оқиға Шарм-эль-Шейхтан Алматыға ұшып келе жатқан әуе кемесінде болған. Ұшақ әуеге көтерілген соң екі сағат өткенде борт серіктері дәрігердің көмегі қажет екенін хабарлайды. Сол мезетте қан қысымы күрт төмендеп, ауыр жағдайда ес-түссіз жатқан әйелге нейрохирург Нұржан Әжібеков көмек қолын созады. Керек жерде, қажет уақытта табылған дәрігер науқасқа оттегі беріп, көк тамыры арқылы дәрі-дәрмек енгізген. Сондай-ақ ұшақта дәрігермен қатар С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің үш студенті болған. Олар да көмек көрсетіп, әйелдің өміріне араша түсті.

Нұржан ӘЖІБЕКОВ, №4 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ НЕЙРОХИРУРГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Біздің командаға үлкен шешім қабылдауға тура келді. Кеменің капитаны бізден сұрады: «Самолетті жедел түрде қондырамыз ба, әлде Алматыға дейін ұшамыз ба?» деп. Командамен жағдайын бақылап, тұрақты болған соң, әрі қарай Алматыға ұшуға бел будық. Әрбір дәрігердің практикасында күнде болмаса да, айына 2-3 мәрте осындай жағдайлар болып тұрады жұмыстарында. Сондықтан қатты ондай қорқыныш болған жоқ.