Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралда жолаушылар автобусы мен КамАЗ ауыр жүк көлігі соқтығысты

AstanaTV
30.03.2023ж. 18:36
768
Оралда жолаушылар автобусы мен КамАЗ ауыр жүк көлігі соқтығысты

Жол апаты Сырым Датов көшесіндегі "Дина" гипермаркетінің маңында сағат 15:00 шамасында орын алды7

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 36 жастағы КамАЗ жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін елемей, №39 жолаушылар автобусымен соқтығысқан.

"Қоғамдық көлікте 8 адам болған. Қазіргі уақытта екі жүргізуші де медициналық куәландырудан өтуде. Зардап шеккендер медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілді", – деп жазады "Мой город" порталы.

Жол апатына түрткі – КамАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, яғни "ЖҚЕ бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.