Спорттық гимнастикадан Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстан тарихи медальға қол жеткізді, деп хабарлайды федерацияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 29 наурыз - 2 сәуір аралығында Түркияның Анталья қаласында спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде. Чемпионатта ел намысын спортшымыз Зейнолла Ыдырысов қорғап жатыр. Екінші күн қорытындысы бойынша, Зейнолла ат снарядында 14.066 ұпаймен тек армениялық спортшыларға есе жіберіп, қола жүлде иегері атанды. Айта кетейік, бұл Қазақстанның гимнастика тарихындағы жасөспірімдер арасында алғашқы медалі. Бұған дейін қазақ гимнастары жасөспірімдер арасындағы әлемдік додадан жүлде алмаған болатын.