$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары клубта оқып жатыр

AstanaTV
15.09.2016ж. 20:00
6069
Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушылары клубта оқып жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында бүтін бір ауылдың оқушылары мәдениет үйінде білім алып жатыр. Төлеби ауданындағы Бексейіт Түлкиев атындағы мектептің үш айға жоспарланған күрделі жөндеу жұмысы аяқталмай қалған. Аудандық әкімдіктегілер мұның мәнісін тендерді үш рет жариялауға тура келгендігімен байланыстырып отыр.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Күні кеше бұл жерде Қасқасу ауылының тұрғындары өнер ұжымдарының концертін тамашалайтын. Ал бүгін мәдениет үйі білім ошағының қызметін атқарып тұр. Дәл қазір менің артымдағы киелі сахнада 8 А мен 8 Б сынып оқушылары сабақ өтіп жатыр.

Екі сыныптың ортасын мынадай мата ғана бөліп тұр. Оқушылар мен ұстаздар бір біріне кедергі келтірмеу үшін ақырын сөйлеп, сыбырлап сабақ айтуға тырысып бағуда. Тіпті екі мұғалім бір бөлмеде болғандықтан сабақты кезектесіп түсіндіреді.

Эльвира Шырынбекова, Б.Түлкиев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі:

Даусын естиміз. Енді мүлдем сабақ оқымай қойғаннан гөрі, ол да жақсы ғой, сәл де болса білім алса бала, сәл де болса оқушының ынтасы төмендеген жоқ. Оқушы түгел келеді сабаққа. Біз де енді соған бейімделдік. Бұл енді уақытша нәрсе ғой.

Мектепте 480 оқушы бар. Жоғарғы сынып шәкірттері осы мәдениет үйінде білім алып жүр.Ғимараттың қосалқы бөлмелері мен дәлізі де сыныпқа айналған. Ал бастауыштың балғындары ауыл мектебінің шеберханасында сабақ оқуға мәжбүр. Құрал-саймандарды шетке ығыстыруға тура келіпті. Бұл әсіресе ата-аналардың жанына батады.

Күлімхан Ахметжанова, Қасқасу ауылының тұрғыны:

Ертең алдымызда қыс келе жатыр. Күн суытып жатыр.Сол кезде қиын болады ма деп жатырмыз. Күн суыса, ол жерде от жаққанмен,  клубтың іші жылымайды. Балдар тіптен әбіржіп  кететін болды. 

Аудан басшылары күрделі жөндеудің уақытылы бітпеуін мердігер мекеменің анықталмауымен байланыстырад. Мамырдан бері үш рет конкурс өткен. Жеңімпаз әлі жоқ. Шенеуніктің айтуынша ауданда тағы үш мектеп жөндеуге жабылған. Оның құрылысына 200 млн теңге шамасында қаржы бөлініпті.

Сейіт Бекмұрзаев, Төлеби ауданы әкімі аппаратының басшысы:

Жеңімпаз қайта-қайта беріп жатыр құрылыс бөлімі беріп жатыр.енді қайта-қайта бір бірінің арасында текетірес,сәл бір жеңімпаз болса қатысқан неғымаса арыз берсе болды тоқтатыла береді екен.өзі сондай бір өзінің тәртібі бар, соған байланысты бұл әдейі істеп жатқан жоқ. Барлығын дер кезінде уақытылы құрылыс бөлімі беріп жатыр. Енді бұзылып жатыр, бұзылып жатыр. Міне енді қайттан берілді. Енді 19-на қайтадан анықталады.

Төлеби ауданында тағы бір мектептің 180 оқушысы әкімдік ғимаратында білім алып жатыр. Ал Бексейіт Түлкиев атындағы мектепте мердігер анықталмаса да құрылыс басталып кеткен. Жергілікті қалталы азаматтар уақыттан ұтылмайық деп шешкен көрінеді. Ал шенеуніктер жөндеу жұмыстары қазан айының соңында аяқталады деп сендіріп отыр.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ