Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ТЖ министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі мұндай жер сілкінісі – қалыпты жағдай.
Ведомство жедел ақпарат алғаны атап өтілді.
"Мониторинг жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 2-3 балл – бұл аймақ үшін қалыпты жағдай", – делінген хабарламада.
Естеріңізге салсақ, Алматыда магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі болды.