$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қабырғаларда жарықтар пайда болған: Камчаткада 6,9 баллдық жер сілкінісі болды

AstanaTV
03.04.2023ж. 13:57
945
Қабырғаларда жарықтар пайда болған: Камчаткада 6,9 баллдық жер сілкінісі болды

Камчаткада магнитудасы 6,9 балл жер сілкінісі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Петропавл" сейсмостанциясының мәліметінше, сейсмикалық оқиға 3 сәуір сағат 15:06-да 100 шақырым тереңдікте болған. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы – 6,9", – делінген ТЖМ хабарламасында.

Эпицентрі Петропавл-Камчатскийден оңтүстікке қарай 44 шақырым жерде орналасқан Авачин шығанағының суында болды. Цунами қаупі болған жоқ. Алдын ала ақпарат бойынша, құрбандар мен қиратулар жоқ.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде жер асты дүмпулері күшті болды деп айтылады. Қабырғалар дірілдеп ұсақ заттар құлады. Кейбіреулер қабырғаларда жарықтар пайда болды деп жазады. Көбісі қорқып, үйлерінен жүгіріп шықты.