$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қарағанды облысында бір ауылға карантин жарияланды

AstanaTV
07.04.2023ж. 08:02
793
Қарағанды облысында бір ауылға карантин жарияланды

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Үміткер ауылында жылқы малы арасында  эпизоотикалық лимфангоит инфекциясы тарады. Осыған байланысты карантин енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер ауылы аумағында жылқы арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін. Аудандық ветеринария бөлімі жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пункттерде ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдай жасап, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін", - делінген әкімдік хабарламасында.