$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде жүздеген адам пәтерлеріне кіре алмай жүр

07.04.2023ж. 20:00
936
Ақтөбеде жүздеген адам пәтерлеріне кіре алмай жүр

Ақтөбеде жүздеген салымшы өз пәтерлерін ала алмай жүр. «Эксклюзив» тұрғын үй кешеніне ақша салғандар екі жыл бұрын кілтті алуы тиіс еді. Бірақ мердігер мекеменің үстінен іс қозғалып, жұмыс тұрып қалған. Ал жаңа инвестор құжаттарды заңдастырып, реттей алмай әлек.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Бұл көпқабатты үйдегі пәтерлер 2021 жылы қолданысқа берілуі тиіс болған. Салымшылардың көпшілігі елу пайыздан астам ақшаларын төлеп тастаған. Бірақ әлі күнге дейін өз пәтерлеріне кіре алмай жүр.

Ербол ӨТЕУЛИН, САЛЫМШЫ:

Кредитке кіріп мына жаққа бердік. Мен 12 млн салдым. Уже 21 бастап 23 жыл болды. Үш жыл кетті. Уже уақытымыз. Әлі қорқынышпен отырмыз. Ол үйді ала аламыз ба, алмаймыз ба деп.

Салтанат ЖҰМАШЕВА, САЛЫМШЫ:

Застройчик салып беремін деп бар ақшамызда жеп қашып кетті. Акимат инсвестор тауып берді. Бірақ ештеңе де заңдастырылмаған.

Бүгін ашулы халық араша сұрап әкімдікке келді. Айтуларынша, былтыр құрылыс компаниясының басшысы істі болып, жұмыс тұрып қалған. Кейін әкімдік араласып, төрт ай бұрын жаңа құрылыс компаниясы іске кірісіпті.

Найзабек ТОЛЖАНОВ, САЛЫМШЫ:

Осы инвесторға жағдай жасалып, сұрақ тез арада шешілуі керек. Себебі инсвестор да уже шаршап жұмысты тоқтатамын вообще кетемін деп әңгіме айтып жатыр. Сонда біз салымшылар далада қалатын түріміз бар.

Жаңа инвестор бұл тұрғын үйге 202 млн теңгеге жуық қаражат жұмсаған. Бірақ әлі күнге дейін тиісті құжаттарын рәсімдеп, жерді атына аудара алмай жүр.

Дүйсебай ТАБЫЛДИЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мен өзім құрылысқа талон ала алмаймын. Жер менің атымда емес. Экостройдың атында. Ал экострой ертең договорды бұзса, мен далада қаламын. Мен ақшамды кімнен сұрарымды білмей отырмын. Мен де аздап қашып отырмын. Рискке қорқып отырмын.

Әкімдіктегілер мәселеден хабардар. Бірақ тұрғын үйге құжат рәсімдеуде кейбір мәселелер туындап тұрғандығын айтады.

Нағымжан АЛДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Енді бұл жерде төрт азамат жерге арест қойып тұр. Оформление мәселесі бойынша бүгінгі күні сол 4 аресттің о подленности подписи документа қазір экспертиза жүргізіп жатыр. Сол болғаннан кейін менімше көп созбай шаруасын бітіру жағында жұмыс жасап жатырмыз.

Ақтөбеде бар жиған тергенін салып, бірақ пәтер ала алмай жүргендер көп. 11 тұрғын үйдің құрылысы бітпей тұр.