Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ауа райы болжамы

AstanaTV
08.04.2023ж. 09:26
1905
Ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 8 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында тұман болады.

Ақтөбе облысының шығысы мен орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының солтүстігі мен шығысын тұман басады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз өңірдің солтүстігі мен шығысында жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде тұман болып, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігі мен шығысында найзағай болжанады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде өңірдің оңтүстік-батысында, күндіз солтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 25 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 8-9 сәуірде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, 8 сәуірде бұршақ күтіледі. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.