Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Қызылордада жасөспірім аяусыз соққыға жығылған

AstanaTV
08.04.2023ж. 16:43
1497
Қызылордада жасөспірім аяусыз соққыға жығылған

Қызылордада жасөспірім аяусыз соққыға жығылған. Кәмелет жасына толмаған бала аудандық ауруханаға 2023 жылдың 6 сәуір күні түскен. Аталған дерек Қазалы аудандық полиция бөліміне тіркелген. Баланың айтуынша, ол Әйтеке би кентіндегі Жалаңтөс Баһадүр атындағы саябақта жаңбырдан кейін, жығылып түскен. Ешқандай шағым болмаған. Алайда әлеуметтік желілерге монитоинг жүргізу барысында,жасөспірімді екі азаматтың ұрып-соққаны анықталған. Қазір Қазалы аудандық полиция бөлімі бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруде. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Күдікті тұлғалар полиция бөліміне жеткізілген.