Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

"Жеті күннен соң сақина салды": Тамара Асар өмірлік жарымен қалай танысқанын алғаш рет айтты

AstanaTV
10.04.2023ж. 14:17
1074
"Жеті күннен соң сақина салды": Тамара Асар өмірлік жарымен қалай танысқанын алғаш рет айтты

Әнші Тамара Асар өзінің екінші жұбайы Жұмаш туралы кеңінен айтып, онымен қалай бас қосқанын және қалай танысқанын көпшілікке баяндады, деп хабарлайды "Жақсы адамдарым" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. 

"Бір көргеннен таңдауы маған түскені үшін рахмет айтамын. Біз Шымкентте алғаш рет көрістік. Ол қасымнан өтіп бара жатты да: "Мынау қандай әдемі келіншек, үйленемін", - деді. Әнші екенімді де, кім екенімді де білген жоқ. VIP залда отырған барлық адам күлді. Қазақша білмегендіктен бәрі: "Ол Тамара Асар ғой", - деді көпшілік. Болашақ жарым болса: "Ол кім", - дейді. Осылайша, менің телефон нөмірімді алып, жеті күннің ішінде қолыма сақина салды.

Біз танысқан кезде ол өзін темір дәнекершісімін деп айтты. Бұл кісінің үлкен өндірісі бар екенін, ешнәрсесін білмедім. Кейін цехқа тамақ апарып жүргенде ғана қызметкерлердің бірі: "Шеф идет" дегенін естіп, өзімнің жұбайым сол өндірісті аяққа тұрғызған басшысы екенін білдім.

Менің бұл шешімді қабылдауыма әкем тікелей әсер етті. Видеоқоңырау арқылы көрсетіп едім. Басын изеді де: "Бұл жігіт терең білімді. Басы Сократтың басындай. Қателесіп тұрғам жоқ, осы - сенің адамың", - деді.

Жеті күннен соң сақина салып, екі айдан кейін құда жіберіп, барлық жоралғысымен ұзатып алды. Ешқандай кездесу, гүл беру деген болған жоқ. Осылай бас қостық", - дейді Тамара Асар.