Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда футзалдан «AMANAT CUP» турнирі мәресіне жетті

10.04.2023ж. 20:00
857
Алматыда футзалдан «AMANAT CUP» турнирі мәресіне жетті

Алматыда футзалдан «AMANAT CUP» турнирі мәресіне жетті. Дәстүрлі доп додасына сегіз аймақтың ең мықты командалары қатысты. Бәсекеде бақ сынаған құрамалар өнер және бұқаралық ақпарат саласында еңбек ететін қызметкерлерден құралған. Өнерлі жастар арасындағы жарысқа «Жастар Рухы» Жастар қанаты қолдау білдірді.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазір өздеріңіз білесіздер, еліміздің жоғары спортында да, бұқаралық спортында да бірнеше үлкен-үлкен жетістіктер бар, сондықтан да жастарымызды кеңінен осы дұрыс процесске тарту мақсатында осындай шаралар өткізіледі. Мысалы, бұл жерде еліміздің түкпір-түкпірінен келген танымал жұлдыздар, әртістер екі күн ішінде Аманаттың кубогін тартысқа салып, осындай жүлделі доданы өткізіп жатыр.

Турнир тартысты өтті. Әрбір ойында бәсекелестік жоғары болды. Қарсылас шақ келтірмеген «LF QURMAN» мен Қостанайдың намысын қорғанған «ARQALYQ» ақтық сында шеберлік байқасты. Негізгі уақытта тең тарқасты. Пенальти сериясында «LF QURMAN» командасының жолы болды. Ал үшінші орын «ZHAMBYL» командасы бұйырды.

Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕКОВ, «QURMAN» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ:

Ойын жалпы өте жоғары деңгейде өтті, нағыз финалға белгісіз ойын болды десек те болады. Жалпы футболда айтылады «қақпашы жарты команда» деп. Қақпашымыз мықты болғанына біз сенімді болдық.