Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Шымкент мұнай өңдеу зауыты дизель отынының негізгі бөлігін оңтүстік өңірлерге жібереді

10.04.2023ж. 20:00
1184
Шымкент мұнай өңдеу зауыты дизель отынының негізгі бөлігін оңтүстік өңірлерге жібереді

Шымкент мұнай өңдеу зауыты демалыс күндері ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель отынын жөнелтті. «Қазір «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігі тәулігіне 17,7 мың тонна мұнай өңдеп жатыр. Зауыттағылар бүгін 100 пайыз қуатына қосылды. Өндіру мен паспорттау деңгейіне қарай 1600 тоннадан астам дизель отыны мен 220 тонна сұйытылған газды жөнелтуге дайындалып жатыр. Алдағы бірнеше күнде мұнай өнімдерін жөнелту деңгейі тәулігіне бензин – 6200 тоннаға, дизель отыны – 5600 тоннаға, авиаотын – 1150 тоннаға және сұйытылған газ – 820 тоннаға дейін ұлғайтылады», - деді «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС техникалық директоры Бақыт Ерегенов.

Бақыт ЕРЕГЕНОВ, «ПЕТРОҚАЗАҚСТАН ОЙЛ ПРОДАКТС» ЖШС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Айдың аяғына дейін бізде бекітілген жоспар бойынша 366 мың тонна мұнай өңдеуіміз керек. Одан шығатын өнімдер бензин 110 мың тонна шығу керек, дизель отыны 115 мың тонна. Авиаотын 19 мың тонна. Және сұйылтылған газ 15 мың тонна шығу керек осы айдың аяғына дейін.

Мұнай өнімдерінің негізгі бөлігі оңтүстік өңірлердегі тұтынушыларға бағытталатын болады деді зауыттағылар. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін сәуір айында Шымкент зауытынан 34,8 мың тонна дизель отынын жөнелтуге басымдық берілмек. Еске салайық, Шымкент мұнай өңдеу зауытында 15 наурыз бен 7 сәуір аралығында жоспарлы-алдын алу жөндеу жүргізілді. Зауыттағылар жөндеу жұмыстары өз уақытында аяқталғанын мәлімдеді. Тіпті жөндеу кезінде жинақталған қордан вагон-цистерналар арқылы өнімді үздіксіз жіберіп отырды. Айта кетейік, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент мұнай өңдеу зауыты рекордтық 6,2 млн тонна мұнай өңдеді. Бұған дейін ел басшылығы зауыттың өндірістік қуатын арттыру және мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойған болатын.