Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ұсақ-түйек демей, қауіп-қатердің бәрін мұқият есептеу керек – Ә.Смайылов

AstanaTV
11.04.2023ж. 11:46
601
Ұсақ-түйек демей, қауіп-қатердің бәрін мұқият есептеу керек – Ә.Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында министрлер кабинетіне алдағы жылыту маусымына қатысты бірқатар тапсырма жүктеді.

«Өңір әкімдіктері Энергетика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй және әлеуметтік сала объектілерінің алдағы 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына дайындығы бойынша іс-шаралар жоспарын бекітіп, оны тез арада іске асыруға кірісуі қажет. Индустрия министрлігі Энергетика министрлігімен және өңір әкімдерімен бірлесіп, 1 маусымға дейін қолданыстағы жылу желілерінің жағдайына техникалық тексеру жұмыстарын аяқтауы керек», - деді Әлихан Смайылов.

Ол атағандай, осы жұмыстардың қорытындысы бойынша апатты жағдайдағы жеке меншіктегі жылу желілерін коммуналдық меншікке берудің қажеттілігін анықтау керек.

«Нәтижесін менің жеке өзіме баяндаңыздар. Энергетика министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, жоспарланған шаралардың толықтай іске асырылуын және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қамтамасыз етуі тиіс. Туындаған барлық мәселені жылыту маусымына дейін созбай, жедел шешу қажет. Ұсақ-түйек демей, қауіп-қатердің барлығын мұқият есептеу керек. Мәселе өзімнің жеке бақылауымда болады», - деді Премьер-министр