Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Kaspi.kz қосымшасында жаңа сервис іске қосылды

AstanaTV
11.04.2023ж. 11:54
848
Kaspi.kz қосымшасында жаңа сервис іске қосылды

Kaspi.kz саяхатқа шыққанды ұнататындар үшін жаңа сервисті қосты. Енді Kaspi Travel бөлімінде ұнаған турды таңдап, сатып алуға болады.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мұндай мүмкіндік туристер үшін қолайлы болатынын айтты.

«Алдымызда жаз, демалыс кезеңі басталады. Біз жетекші туроператорлармен бірлесіп, тур таңдап, сатып алуға арналған жаңа cервисті қостық. Енді Kaspi.kz-пен ұшаққа билет пен т/ж билетін сатып алғандай, смартфоныңыздың экранынан турды да жеңіл әрі оңай сатып ала аласыз. Сүйікті клиенттерімізге жақсы әсерлерге толы саяхаттар тілейміз!», - деді ол

Қазірдің өзінде БАӘ, Түркия мен Мысыр секілді туризмнің ең танымал бағыттары бойынша турлар бар. Әр турдың сипаттамасында суреттер, рейтинг, қонақтардың пікірлері мен дұрыс шешім қабылдауға қажетті басқа да көптеген маңызды ақпараттар көрсетілген.