$523.86 €544.34 ₽5.11
×

Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салынды

AstanaTV
11.04.2023ж. 14:03
877
Қазақстанға автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салынды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қазақстан аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салатын бұйрыққа қол қойды.

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-Қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - делінген министр бұйрығында.

Бидай импортына тыйым салу нарық қатысушыларының – фермерлердің, саудагерлердің, ұн тартушылардың ұсынысымен енгізілген. Оған Ресей бидайының Қазақстанға көбінесе қосымша құн салығы төленбей, контрабандалық жолмен тасымалданатыны себеп болған. Импорттық астық шаруа қожалықтары арқылы заңдастырылып, Орталық Азияға қайта экспортталады, бұлөз кезегінде қазақстандық заңды бидайдың бағасын төмендетеді. Eurasian Agricom конференциясында жарияланған мәліметтерге сәйкес, Ресейден жеткізілген бидайдың жалпы көлемі қазірдің өзінде 2 миллион тоннадан асып кеткен.

Алайда бұл шешімді шағын астық өңдеушілер сынға алып, теміржол арқылы астық әкелуге мүмкіндігі жоқ екенін, ірі кәсіпорындармен тең жағдайда тасымалдаудың қиын екенін айтады.