$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Ақтауда 16 дәрігердің улануына қатысты тексеріс басталды

AstanaTV
13.04.2023ж. 07:50
1018
Ақтауда 16 дәрігердің улануына қатысты тексеріс басталды

Ақтауда ауызашарда астан уланған медицина қызметкерлеріне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мәлімдеді.

"Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына аурудың топтық жағдайы, жіті ішек инфекциясы, гастроэнтерит туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Қазіргі уақытта басқарма мамандары эпидемиологиялық тергеу жүргізіп, аурудың мән-жайын анықтап жатыр", – делінген басқарма мәліметінде.

Әзірше ауызашар берілген мейрамхананың аты белгісіз. Мамандар тергеу жүргізілгеннен кейін жариялайтынын айтып отыр.