Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шымкентте 61 жастағы ер адам өз пәтерінде өртеніп кетті

AstanaTV
13.04.2023ж. 07:45
898
Шымкентте 61 жастағы ер адам өз пәтерінде өртеніп кетті

Шымкентте 12 сәуірге қараған түні тұрғын үйден өрт шықты. Мұны тұрғындар байқап, өрт сөндірушілерді шақырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, 17-шағын ауданда көпқабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түнгі сағат бір шамасында түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері келген уақытта үшінші қабатта орналасқан пәтерде жиһаздар мен заттар жанып жатқан. 

"Пәтерден 1962 жылы туған ер адам өлі табылды. Қалың түтінге байланысты өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялады",-деп хабарлайды Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Көршілерінің айтуынша, ер адам жалғыз тұрған, ішімдікті мөлшерден тыс қолданған. Оның пәтерінде бұған дейін де өрт шыққан, мұны көршілері дер кезінде байқап, аман алып қалған. Өрттің нақты себебін және 61 жастағы ер адамның өлімін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.