Адам өмірінің соңғы сәттерінде өзін қалай ұстайтынын және не айтатынын білмейді. Адам ол кезде не туралы ойлайды, кімге және не айтқысы келеді? Паллиативтік көмек көрсететін американдық дәрігерлер Мина Чанг пен медбике Джули Макфадден Daily.mail-ге науқастар өлім алдында не дейтінін айтып берді,-деп жазады massaget.kz.
"Мен еш өкінбеймін" және "өкінішті"
Мина Чанг науқастардан "мен еш өкінбеймін" деген сөзді жиі еститінін айтады. Ал медбике Джули Макфадден қарт кісілер, керісінше, өз өмірлеріне аса мән бермегеніне, отбасы мен достарынан алыстап кеткеніне және өте көп жұмыс істегендері үшін өкінетінін айтады.
Біреулер жақындарына ұзақ уақыт бойы маңызды нәрсені айта алмағанына өкінеді. Көпшілік ұрысып қалған, бірақ достаспағанын есіне алады.
Сондай-ақ науқастар көру, жұту, жүру және ауырсынуды сезбей өмір сүру секілді нәрселерді бағаламағанын және денсаулығын "міндетті" деп қабылдағанын мойындайды.
"Мен өлуге дайын емеспін" және "мен дайынмын"
Ұзақ ауырғаннан кейін қайтыс болған жастар өлім алдында жиі өлуге дайын емес екендерін айтады. Көпшілік бұл өмірде әлі көп нәрсені жасамағанын айтады. Кейде егде жастағы кісілерден өмірден өтуге моральді түрде дайын екендерін, тыныш және жақсы өмір сүргендерін естуге болады.
"Мен сені жақсы көремін"
Медбике Джулидің айтуынша, адамдар өлім алдында жиі өмірден өткен әке-шешелеріне "мен сені жақсы көремін" деп айтады.
"Әрине, бұл біз кинода көретіндей соңғы демінде айтатын сөздер емес. Кинода оны драмаға айналдырады", - дейді медбике.
Оның айтуынша, хоспистегі (хоспис - аурудың соңғы сатысында өлім алдында жатқандарға жан-жақты қолдау көрсететін мекеме) науқастар жалпы ата-анасының өлімі мен олардың өмірі жайлы, олардан не сұрағысы келетінін көп ойлайды. Өлім алдында ата-ана жайлы ойлар өзінше бір "жұбаныш көзіне" айналады.
"Кешір мені" және "мен сені кешірдім"
Хосписте дәрігерлер тек науқастардың жағдайын емес, олардың жақындарымен қарым-қатынастарын да жақсартуға тырысады. Әдетте, өлім алдында науқастар туғандарынан кешірім сұрайды немесе олардың қандай да бір жаман әрекетін кешіргенін айтады.
"Маған үйге бару керек"
Науқас хосписте ұзақ уақыт өмір сүрсе де және оған үйреніп қалса да, өмірінің соңғы минуттарында ол қатты үйге қайтқысы келеді.
Туған тілінде сөйлейді
Дәрігерлердің айтуынша, адамдар өмірінің соңғы минуттарында кенеттен өзінің туған тіліне ауысып кетеді. Әдетте, адам басқа елде өмір сүріп, басқа тілде сөйлеп жүрсе де, өлім алдында туған тілінде сөйлеп кетеді екен.
Ештеңе айтпайды
Кейде адамдар оның ағзасында болып жатқан өзгерісті жоққа шығаратынын соншалық, олардың рефлексияға, жақындарымен сөйлесуге, қоштасуға күші қалмайды.
"Олар өз жағдайы жайлы ойламауға тырысады, алайда олар туғандарымен қоштасса, жеңілдеп қалар еді", - дейді дәрігерлер.