Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Келінінің басын шапқан ер адам 13 жылға бас бостандығынан айырылды

AstanaTV
13.04.2023ж. 12:00
723
Келінінің басын шапқан ер адам 13 жылға бас бостандығынан айырылды

Өзбекстанда 64 жастағы ер адам келінінің басын кесіп тастағаны үшін 13 жыл 2 айға сотталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін Өзбекстанда қайын атасы келіні дәмсіз тамақ пісіргені үшін оны өлтіріп, басын кесіп алғаны айтылды. Ер адам жанжалдан кейін келінін ұрып-соққан. Жас келіншек есінен танып қалғаннан кейін қайын атасы оны көлікке салып, тау бөктеріне апарды. Онда ол ас үй пышағымен келінінің басын кесіп, денесін қоқысқа лақтырды. Денесін кесіп, сөмкеге салған да, оны жол жиегіне іліп қойған.

Ферғана облысының аудандық соты 64 жастағы тұрғынға үкім шығарды.

Ол "Қасақана қорлап, кісі өлтіру" және "Мәйітті қорлау" баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Сот шешімімен зейнеткер 13 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.