$516.01 €582.47 ₽6.26
×

«Бала күтушісі бағалы заттарымды қолды қылды», - тұрғын

13.04.2023ж. 20:00
1285
«Бала күтушісі бағалы заттарымды қолды қылды», - тұрғын

«Бала күтушісі бағалы заттарымды қолды қылды». Астаналық тұрғын осылай деп шағымданды. Ол балабақшада орын болмағасын осындай келеңсіздікке тап болдым дейді. Астананың өзінде 45 мың кезекте тұр. Тапшылық қашан жойылады? Дәрібек Бахытбек жауап іздеп көрді.

Екі перзенттің әкесі Азат Сыздықов балабақшалардың табалдырығын тоздырып болыпты. Сәбилері дүниеге келгеннен кезекке қойған. Бірақ бос орын табылмады. Жекеменшік бөбекжайлармен де сөйлескен. Еш нәтиже шықпаған. Амалы таусылғасын бала күтуші жалдапты.

Азат СЫЗДЫҚОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Әйелім роддомға түскен 2-ші баланы босануға карантин кезінде. Сол кезде өзім жұмысқа шығатынмын ночной жұмыстарға. Сол кезде тоже қиналатынмын жалдағам біресе қарайды, біресе қарамайды. Иногда шықпай қалады. Үйден зат жоғалады сырға, жүзік сондай.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Баланы бақшаға орналастыру үшін елімізде «Индиго» онлайн платформасы іске қосылған. Мұнда бар процесс автоматтандырылған. Мысалы, мен тұратын үйге Alya балабақшасы жақын. Сондықтан мен онда бос орын бар ма, жоқ па, осы жүйе арқылы білемін. Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, мүлдем орын жоқ. Ал кезекте біздің алдымызда 18 099 бала тұр.

Бағдат ҮСЕНҚЫЗЫ, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Индиго арқылы балалар бір жылда бір рет балабақшаға орын ашылады. Ол жаз мезгілінде болады. Ал бір жыл бойының ішінде егер бір топтан бір бала кетіп жатса сол орын бір жыл бойға ашық тұрады. Мысалы ата-ана қажет болса ата-ана сол жерден, яғни порталдан кіріп орынды ала алады.

Бүгінде елордада 487 мектепке дейінгі мекеме бар. Оның 100-і мемлекеттік, 384-і жекеменшік. Балабақша тапшылығын Президент сан мәрте ескертіп келеді. Бас қаланың өзінде 45 мың бала кезегін күтуде.

Қасым Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қаламыз дарынды және зиялы азаматтар шоғырланған орталыққа айналуға тиіс. Бірақ бұған кедергі болып отырған жайттар бар. Соның бірі – балабақшадағы және мектептегі орын тапшылығы. Қазір Астанада балабақша кезегінде 45 мың бала тұр. Кезінде осы мәселе арнайы мемлекеттік тапсырыс арқылы шешілуі керек еді. Бірақ жекеменшік балабақшаларға қаржы бөлінсе де, ахуал түзелмей отыр. Әрине, олардың қызмет сапасына қатысты талап болуға тиіс.

Балабақшадан орын бұйырмағандар күтуші жалдайды. Кейіпкеріміз Азат секілді алданып, бағалы заттарын ұрлап кетпеуіне ешкім кепілдік бере алмайды.