Екібастұзда жаңа шағын аудан бой көтереді. Қаланың солтүстік бөлігіне 5 мыңдай тұрғын үй салынбақ. Павлодар облыстық мәслихатының көшпелі отырысында қаланың бас жоспары талқыланды. Алайда жоспардың кемшін тұстары көп екенін айтқан депутаттар оны қабылдаудан бас тартты.
Екібастұз қаласының 5 жылдағы даму жоспары айқындалды. Қаланың бас жоспарына сәйкес 2028 жылы жаңа шағын аудан бой көтермек. Жоспарды талқылаған мәслихат депутаттары құжатта көптеген кемшіліктер барын айтып, қабылдаудан бас тартты.
Маханбет АМАНГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Екібастұздың бар үйлеріне жылу жеткізе алмай отырып, енді болашақта болатын үйлерге біз қалай генпланды қабылдай аламыз. Ал енді бас жоспар бойынша тағы 5 мыңға жуық жер үйлер қосылады деді. Аз этажды үйлер мен жер үйлер. Олардың барлығына жылу керек. Біз оларды Екібастұздың бар жылуын қамтамасыз ете алмай отырып, біз оған қалай қосыламыз. Соған қалай ары қарай кетеміз. Сол себепті біз оған қарсы болдық.
Жаңа шағын аудан шаһардың солтүстік бөлігінен салынбақ. Ол үшін сол маңдағы ескі үйлерді бұзу жоспарланған. Алайда қалада кадр тапшы. 1 жылдан бері бас сәулетші маман жоқ. Сол себепті де жеке меншіктегі жерлерді мемлекетке қайтару механизмі қарастырылмаған. Сондықтан депутаттар мәселені егжей-тегжейлі шешу үшін уақытша комиссия құратын болды.
Еркін ҚҰСАН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Осы айтылған кемшіліктер болатын болса, осының барлығын түзеу үшін қайтадан жобалар қарастыратын боламыз. Яғни, қалай түзеуге болады. Оларды қайда көшіруге болады. Тұрғындардан сұрақ жауап өткізетін боламыз тағы да. Өйткені, шын мәнінде сол өңірде орналасқан тұрғындардан сауалнама өткізетін боламыз осы қаланың бас жоспары бойынша.
Алайда қала тұрғындары бас жоспардан бұрын жылу мәселесі шешуді сұрайды. Өйткені, қыстан қысылып шыққан екібастұздықтардың төзімі таусылған.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Шын айтам, толық жөндеп бітеді дегенге сенбеймін. Халықты келесі қыста жыулсыз қалдырмайды деген ойдамын.
- Істейтін шығар. Қаншама халықты осылай суықта нетіп қоймайды ғой қыста. Қаншама халық зардап шекті. Биыл енді ондай болмайды деп ойлаймын.
Екібастұзда 7 мыңдай тұрғын үй кезегінде тұр. Жергілікті билік олардың мәселесін жаңа шағын аудан салу арқылы шешпек.