$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Бір күнде қабылданған шешім": Еркін Нұржанов

AstanaTV
14.04.2023ж. 11:41
2108
"Бір күнде қабылданған шешім": Еркін Нұржанов

Елімізге кеңінен танымал "Жігіттер" тобының құрылғанына биыл 20 жылдың жүзі толған. "Төрлетіңіз" бағдарламасында квартеттің бұрынғы мүшесі Еркін Нұржанов топтан кету себебін айтты.

"Бала кезден келе жатқан достығымыз бар. Топтан кеткенде ең бірінші қиындық осы болды. Екінші қиындық, Алматыда жеке өзің шаруа бастау оңай емес. Бірақ басқа түскен іс болғандықтан, тырысып бақтым. Мұндай шешім бір күнде қабылданатын шешім емес. Қанша өмірдің ықпалы болады. Қуынышы, қызығы болады. Өзі сондай жағдайлар болды. Телефон тұтқасын көтермеу керек болды. Ашуы басылғасын түсіндіреміз дедік", - деді Еркін Нұржанов.

Ал "Жігіттер" тобының продюсері Ерғали Әбдірайымовтың айтуынша, Еркін Нұржанов телефон тұтқасын аяқ астынан көтермей қойған.

"Біз үшін бір күнде қабылданған шешім болды. Алдын сезіп жүрсек, мүлде басқаша болар еді. Біз мысалы білген жоқпыз. Тараздан таң ата тойдан келдік. Астанаға ұшуымыз керек. Еркін жоқ. Еркін қайда? Еркін телефон тұтқасын көтермейді. Қазір сондай жағдай болса, мен ашуланбас едім. Ақыры кететін болса, орнына басқа адам алып, Еркінді қошеметпен шығарып салайық деген ой келді. Бірақ Еркін тұтқасын көтермейді. Кейін жолықтық қой, ата-аналары келді. Ол кезде Еркіннің анасы да тірі еді", - деп еске алды топтың продюсері.