Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қадір түнін ұйықтамай өткізу дұрыс па?

AstanaTV
14.04.2023ж. 11:56
995
Қадір түнін ұйықтамай өткізу дұрыс па?

Рамазан айында Қадір түнін барынша құлшылықпен өткізген дұрыс. Бірақ ұйықтамай өткізу шарт емес. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

"Рамазан оразасына қатысты пәтуалар" кітабынан келтірілген дерекке сенсек, Айша анамыз: "Алла елшісі таң атқанша түнді (барлық бөлігін) намазбен өткізген емес" дейді.

Пайғамбарымыз (с.а.с) тағы бір хадисінде "Сендерге мына ай келді. Бұл айда мың айдан артық түн бар. Кімде-кім осы түннің жақсылығынан мақұрым қалса, жақсылық атауынан құр қалғаны. Оның жақсылығынан тек қана нағыз мақұрым адам ғана құр қалады" деген.

"Сондықтан мұсылман адам барынша осы түнді құлшылықпен өткізіп, сауаптан құр қалмауға тырысуы қажет. Ал шаршаса, кішкене тынығып, кейін ары қарай құлшылығын жалғастырудың оқасы жоқ", - делінген "Рамазан оразасына қатысты пәтуалар" кітабында.