Түркістан облысында 9-сынып оқушысын өлтірген адам істі бұрмалауға тырысқан. Марқұм Аружан Орынбаеваның ет жақындары осылай деп отыр. Олар 14 жастағы қыздарын өлтіріп, суға ағызып жіберген жалғыз адам еместігіне сенімді. Қаралы отбасы "бопсалаудың құрбаны болды ма?" деп те күдіктенеді. Анасының айтуынша, Аружан қайғылы оқиғадан үш күн бұрын өзінен үлкен сомада ақша сұраған.
Қаралы хабарды алыста, жұмыста жүріп естіп келген анасы қызымды қорлап өлтірді деп отыр. Айтуынша, үйінің арт жағындағы канал жанында өрімдей қызды өлтіргендер елді жаңылыстыру үшін күре тамырын да кескен көрінеді.
Динара СЕЛҚАРАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
Пышақтаған осы жерде. Өкпесінен пышақ тыққан. Екі мәрте пышақ тыққан. Одан кейін қолын кескен. Мына жерде тырналғандары іздері тапочкалары бар тұғын. Бірақ бұның ешқайсысы көріп тұрған жоқпын ше. Мына жерді ұстаған қызым қиналғаннан , осы жерде қан..ұстаған. ары қарай суға лақтырған. ...
Аружан үш жылдан бері Ордабасы ауданындағы әжесінің қолында оқып жүрген. Анасының айтуынша, қызы мектеп ауыстырғысы келетінін жие айтқан. Тіпті соңғы сөйлескенде қомақты қаржы сұрапты.
Динара СЕЛҚАРАЕВА, МАРҚҰМНЫҢ АНАСЫ:
«Мама, сіздер папам екеуіңіз тауып бере алмайсыздар көп ақшаны» деді. Сонан кейін күліп ойлап «мама, керегі жоқ»...не істейсің ол ақшаға деп сұрайм ғой мен анасы болғаннан кейін. «мама, мен шетелге кетейін деп жатырмын деді...
Марқұмды жоғарғы сынып оқушылары суретіңді ғаламторға саламыз деп бопсалаған көрінеді. Қазір қыздың өліміне күдікті ретінде жоғары сыныптың оқушысы қамауға алынды.
Ақмарал ОРЫНБАЙҚЫЗЫ, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
Айтыпты : ұрыс боп қалды, ерегіс боп қалды..сол. анық әлі не себепті өлтіргенін әлі айтқан жоқ точно. Белгісіз. Жұмбақ боп тұр.
Марқұмның туыстары күдікті ретінде мектеп бітірген тағы бір жігіттің қамауға алынғанын хабарлады. Айғақты заттардың көзін жойған сол екеніне сенімді. Ол да қамауға алынды дегенмен полиция бұл ақпаратты растамады. Күдікті ретінде әзірге бір адам ғана қамауда.
Нұрым АҒМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
Күдікті-11 сынып оқушысы. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.
Марқұм Аружан мен күдікті бір мектептің оқушылары. Аружан мектептің бетке ұстар қыздарының бірі еді, ешкімнің ала жібін аттайтын қыз емес деген педагогтардың қамауға алынған оқушы жайында да пікірлері оң.
Қанат ҚОСМАНОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ:
Сабақ үлгерімі орташа. Ешқандай есепке, мектепішілік есепке де және аудандық ішкі істерге де есепке алынбаған.
Ұлайым ӘКІМТАЙ, ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ:
Өзіміз де абдырап отырмыз ғой.Ол баланы ондай батыл тірлікке барады деп ойламаймыз.
Айта кетейік, марқұм Аружан отбасындағы үш перзенттің ортаншысы. 15-маусымда 15 жасқа толар еді. Артында орындалмаған қаншама арманы қалды...Марқұмның жақындары қаршадай қыздың өліміне қатысы барлардың барлығы анықталып, әділ жазасын алуын қалайды.