$514.93 €536.04 ₽5.18
×

Қостанай облысында 15 жасар бала интернаттан қашып кетті

AstanaTV
18.04.2023ж. 09:53
747
Қостанай облысында 15 жасар бала интернаттан қашып кетті

Қостанай облысында полиция 15 жасар жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат полицияға сілтеме жасап.

Қостанай облысының ПД 16 сәуірде Боровской мектеп-интернатынан кетіп қалған 15 жасар Рустам Ташмағамбетовке іздеу салды.

Кәмелетке толмаған бала - Әулиекөл ауданының тумасы.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері облыс орталығында және аудандарда іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Полицияның бүкіл құрамы жұмылдырылған, іздеуге еріктілер қосылған.

Полиция жасөспірімді көрген-білгендер болса 102 телефоны арқылы хабарлауын өтінеді.