$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты

18.04.2023ж. 20:00
858
Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты

Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алды. Оқушыға Асардағы қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері операция жасаған. Нәтижесінде миындағы эхинококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады. Операция екі сағатқа созылған. Онан кейін бала екі тәулік реанимацияда жатып, палатаға шығарылды. Қазір жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.

Самат КӨКШІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕР-НЕЙРОХИРУГІ:

Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Балаға МРТ арқылы анықталған диагноз. Балада бас ауырған, сол белгілері бойынша ауруы анықталды.