$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Павлодар облысында әкімдік ауылдың жайылымдық жерін кәсіпкерге заңсыз берген

18.04.2023ж. 20:00
1189
Павлодар облысында әкімдік ауылдың жайылымдық жерін кәсіпкерге заңсыз берген

Павлодар облысында әкімдік ауылдың жайылымдық жерін кәсіпкерге заңсыз берген. Бұл туралы облыстық сот шешім шығарды. Естеріңізге салайық, күні кеше ғана Ақсу қаласына қарасты Қаракөл және Ребровка ауылдарының тұрғындары әкімдік жайылымдық жерімізді жеке кәсіпкерге заңсыз берді деп шу шығарғанын көрсеткенбіз. Салдарынан 2 ауылдың халқы мал жаятын жер таппай сенделген.

Марат ШӘМШИДЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

2018 жылы 3 жер учаскесі заңсыз берілгендігі анықталды. Өйткені, 3 жер учаскесі ауылдық жердің елді-мекені болып саналатын. Сот шешімі күшіне енген жағдайда халық осы жерді пайдаланылуға құқылы.

Дегенмен де, тұрғындар жайылымдық жердің халық игілігіне толық қайтарылмағанын айтады. Сүт фермасы салынып жатқан аумақта заңсыз деп отыр. Бүгін 2 ауылдың халқы облыстық жер ресурстарын басқару департаментіне келіп, тағы шағым түсірді.

Кебек РАХЫМХАНОВ, РЕБРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сотпен қайтарылған 2 учаске жетпейді ол бізге мал бағуға. Енді жылқы бар, қой бар, мал әжептәуір бар ауылда. Қаракөлде де бар, Камзина да, бізде бар, міне. Сүт фермасына берілген жерді тексеру керек. Тексерілсін енді.