Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен пәтерге кезекке тұрғандар шу шығарды

19.04.2023ж. 20:00
722
Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен пәтерге кезекке тұрғандар шу шығарды

Ақтөбеде жүздеген отбасы баспанаға қол жеткізе алмай отыр. «Бақытты отбасы» бағдарламасымен кезекке тұрғандарға пәтер былтыр берілуі тиіс болған. Бірақ белгілі себептермен кешіктірілген. Енді оларға салынған көпқабатты үй басқаларға беріліп кетіпті.

«Бақытты отбасымен» үй алып бақытқа кеңелеміз деген тұрғындар бүгін облыс әкімдігіне барды. Айтуларынша олар үшін үш бірдей үш көп қабатты үй бой көтерген. Бірақ әлі қолданысқа берілмепті.

Жанар НӘРІКБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Бізге нақты жауап берсін. Қашан конкурс ойнатылады. Неше кв ойнатылады. Неше адам өтеді. Қанша адам өтпей қалған адам не істейді. Біреуі квартира жалдап тұрады.

Бұл жаңа тұрғын үйлерге енді апатты баспаналардың тұрғындары көшіп келіпті. 48 отбасы қоныстанған. Енді жиналған халық бізге пәтер жетпей қала ма деп қорқады.

Гүлдана БИТЕМБАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Апрель майда беріледі деп күтіп отқан кезде кеше 39,40 үйді сонда көшіріпті. Енді жеме жемге келгенде Біз сонда қайда қалдық.

Гүлмира ҰЗАҚОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:

Менің жеті балам бар. Үйім жоқ. Баратын жерім де жоқ. балаларыммен квартираға алмайды. 2017 жылдан бері кезекте тұрмын.

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 344 отбасы кезекте тұр. Мамыр айында тағы бір байқау өтеді.

Жандос ӘЛІМОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл кісілер нақты мына үйдің, мына үйдің иесі деп айта алмаймыз. Бұл кісілерге әлі екінші этап бар. Яғни пәтер таңдау этабы бар. 344 адам өзара тең конкурсқа қатысып, өзара жарысады. Кім мысалы мүгедек баласы бар бар жанұя таласып қалса, кім еререк тұрды сол жеңімпаз болады.

Ал үйлері қирағалы тұрған тұрғындарғы қатысты арнайы сараптама тағайындалған.