$523.58 €549.71 ₽5.01
×

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты халықпен кездесті

AstanaTV
22.09.2016ж. 20:00
2987
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты халықпен кездесті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында Парламент Мәжілісінің депутаты Құралай Қаракен қоғамдық қабылдау өткізді. Халық қалауылысымен кездесуге келген азаматтардың бірі - Серікқайша Асубаева. Өскемен қаласынан баласының жұмысына байланысты Астанаға көшіп келіп, 2007 жылы екінші деңгейлі банктен баспаналы болу үшін 97 500 АҚШ доллар көлемінде несие алған. 2010 жылға дейін тұрақты төлем жүргізген. Кейін, қаржы тапшылығына тап болып, қайта қаржыландыру бағдарламасын қолданбақ болған. Бірақ банк оған келіспей отыр дейді.

Серікқайша Асубаева, қала тұрғыны:

2015 жылы сотқа берді де, 50 млн қылып берді. 50 млн-ды біз қай уақытта төлейміз? Біз қашып жүрген жоқпыз, балам. Төлейік деп жүрміз. Бірақ енді үкіметтік шығарған заңымен процентін азайтып бер деп отырмыз. Оған азайтпайды олар. Осы 50 млн-ды төлемесеңдер де, төлесеңдер де, төлейсіңдер дейді. Енді 2 үйді де алып, бізді далада қалдырмақшы. Бізге ешкім көнбейді. Сондықтан осы мәжілісменге келіп отырмын. Мәжіліс көмектесе ме деген сияқты. 

Қабылдау жүргізген Құралай Қаракен барлық азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап қана қоймай, тіркеп, мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтты. Депутат осындай халықпен тікелей кездесудің маңызы зор екенін атап өтті. Себебі алдағы жұмыс барысында көтерілген мәселелер дұрыс шешім қабылдауға негіз болмақ.

Құралай Қаракен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Адамдар бұл жерге жай келмейді ғой. Яғни белгілі бір инстанциялардан өткен. Мәселелері ол жерде шешілмеген. Сондықтан депутат қабылдауына келіп отыр. Бүгін азаматтар тұрғын үй, жалақы төленбеу және басқа да әлеуметтік мәселерімен жүгінді. Мен барлығын тыңдап, таныстым. Алдағы уақытта заң аясында көмек көрсетуге тырысатын боламын. Кейде шағымданушылар өз құқықтарының сақталмағанын алға тартып жатады. Осы ретте, біз өз тарапымыздан сенімділік орнату үшін тиісті шешімдер қадылдауымыз керек. Мұндай шара - біздің жұмысымыздың бір бөлігі. Сондықтан барынша жауапкершілікпен қараймыз.