$513 €541.16 ₽4.69
×

"Президент-елдегі жағдайдан жан-жақты хабардар", - Президент

AstanaTV
19.04.2023ж. 20:00
1395
"Президент-елдегі жағдайдан жан-жақты хабардар", - Президент

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың айтуынша, Президенттің бүгінгі, сонымен қатар Үкімет отырыстарында және халыққа Жолдауы мен өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңестерде сөйлеген сөзіне қарап, елдегі жағдайдан жан-жақты хабардар екенін байқауға болады. Сондай-ақ, бүгінгі кеңеске барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының шақырылуы да назар аударатын жайт дейді.

Данияр ӘШІМБАЕВ САЯСАТТАНУШЫ:

Соңғы жылдары мәслихаттардың диалог жүйесінен сырғып қалғанын көріп отырмыз. Сайлау өткеннен кейін оларды ұмытатын едік және мәслихаттың тыңдау өткізуі немесе әкімдіктердің жұмысын бақылағаны айрықша біліне бермейтін. Сондықтан да өткен жылы саяси конституциялық реформа аясында мәслихатты жасақтау тәртібі өзгерді, олардың өкілеттігі кеңейді. Бүгінде мәслихатқа үлкен мәселелер тәуелді: дәл солар әкімдік шешімдерін қалыптайтын филиал емес, олардың жергілікті жерде шешілу жолдарын өзектендіретін және бақылайтын органға айналуы тиіс. Президент те сөз сөйлеуі барысында жиналған мәслихат өкілдеріне олардың бірінші кезектегі міндеті - жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғау екендігін, жеңіл-желпі танымалдыққа бой алдырмау керектігін айтты.