$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

AstanaTV
23.09.2016ж. 20:00
2674
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Қостанай облысының шаруалары 4 миллионға жуық астық жинап үлгерді. Бұл сары алтынның 74 пайызы. Астықты аймаққа жұмыс сапарымен барған президентке осындай есеп берілді. Нұрсұлтан Назарбаев қырман басына барып, шаруалардың жайын білді. Бірқатар өндіріс нысандарын да аралады. Президент келер жылы жаппай құрастырылатын электромобильді тізгіндеп көрді. Заңғар Санай сабақтайды.

Заңғар Санай, тілші:

Елбасының Тобыл өңіріндегі  жұмыс сапары астық алқабында басталды. Президент өңірдегі «Өтеулин» шаруа қожалығында болып, қауырт науқанның қарқынымен танысты. 5200 гектарға дән сіңірген диқан бүгінге дейін егіннің 80 пайызын орып, алтын дәнді  қамбаға құйған. Өнімнің шығымы гектарына 15 центнер, - дейді  шаруа. Жалпы облыс қырманшылары қазіргі таңда алқаптағы астықтың 74 пайызын межелеп, 4 миллионға жуық өнім жинап отыр.

Нұркелген Өтеулин, шаруа қожалығының басшысы:

Биылғы бидайдың сапасы өте жақсы. 760 натурасы. Қамырлығы 30 дейін бар тұр. 3 сынып.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі «Баян сұлуда» болып, жылына 65 мың тоннадан астам кондитерлік өнім шығаратын өндіріс ошағының хал-ахуалымен танысты. Осы жерде президенттің назарына облыста өндірілетін басқа да отандық өнімдер ұсынылды. Қостанайда электромобиль құрастыратын компания алғашқы өнімдерін биыл шығара бастаған болатын. Қысқы сынақтан өткізген соң жаппай құрастыру жоспарда бар. Бүгін Елбасы электр көлігін тізгіндеп көрді.

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

Сейчас я за рулем побыл. Электромобиль. Мне привезли первый электромобиль из Америки. В то время он  стоил 120 тысяч долларов. Я посмотрел, поездил. Аккумулятор зарядил - 500 км можешь ехать.

Сапар барысында президент облыс жұртшылығымен кездесті. Келелі кездесуде Тобыл өңірінің толағай табыстары баяндалды. Елбасы облыстағы  әлеуметтік саланың көш ілгері екендігін атап өтті. Бұл салаға облыс бюджетінің 56 пайызы қарастырылған. Биыл 547 мектепке жөндеу жүргізіліп, апаттық жағдайда тұрған 2 білім ошағы жаңғыртылған. Бабалбақша мәселесі де оңтайлы шешіміні тауып, 90 пайызға орындалып отыр. Аймақта  кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы бойынша  құны 18,9 миллиардты құрайтын 20 жоба сәтті жүзеге асқан.

Заңғар САНАЙ