Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Біріккен Ұлттар Ұйымы жаһандық қаржылық дағдарыстың үшінші толқыны туралы ескертті

AstanaTV
23.09.2016ж. 20:00
3398
Біріккен Ұлттар Ұйымы жаһандық қаржылық дағдарыстың үшінші толқыны туралы ескертті

Жаһандық қаржылық дағдарыстың үшінші толқыны келе жатыр. Тәуекелдер дамып жатқан елдерге қарай ойыспақ. Бұл туралы БҰҰ-ның мамандарына сілтеме жасай отырып, RBC агенттігі хабарлады. Біріккен Ұлттар Ұйымының баяндамасында "2016 жылы да әлемдік экономика солқылдақ күйі қалып отыр" деген байлам жасалған.

Ұйымның мәліметі бойынша, үстіміздегі жылы жаһандық экономика өсімі 2012 жылдан бері алғаш рет 2,3 пайызға төмендейді. 2014-2015 жылдары көрсеткіш 2,5 пайызды құраған еді. Ұйым құлдыраудың бір себебі ретінде: дамушы нарықтардан шетелдік капиталдың кетуін көрсетеді. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде шетелдік инвесторлар 185 млрд долларын қайтарып алған. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы, Ресей, Бразилия, Оңтүстік Африка сынды ірі дамушы экономикалар дефляцияға ұшырауы мүмкін, деп ескертеді. Ұйымның есебі бойынша Ресей экономикасы үстіміздегі жылы 0,3 пайызға қысқарады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ