Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

21.04.2023ж. 20:00
824
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт мерекесімен құттықтады. Онда Президент Ислам имандылықты, бейбітшілікті, мейірімділікті дәріптейтін асыл дін екенін атап өтті. Сонымен қатар мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі нығайта береміз деді.

Қасым Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бұл – күллі мұсылман қауымының ұлық мейрамы. Ораза ұстаған жамағат осы мерекені асыға күтеді. Алыс-жақын ағайын бір-бірінің үйіне барып, жылы лебізін білдіреді. Халқымыздың ынтымағы нығайып, бірлігі беки түседі. Осы игі құндылықтар елдің амандығы мен берекесін тілейтін ұлтымыздың салт-дәстүрімен біте қайнасып жатыр. Сондықтан бұл – бір шаңырақта тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша жұртымыз үшін қадірлі ұғымдар. Ораза айт – елдігімізді еселейтін мереке. Айт қабыл болсын, ағайын!