$523.58 €549.71 ₽5.01
×

Құрылыста қаза тапқандардың студенттер екені белгілі болды

AstanaTV
23.09.2016ж. 20:00
2961
Құрылыста қаза тапқандардың студенттер екені белгілі болды

Астанадағы Сауран көшесінің бойында «Айнұр-Астана» компаниясы салып жатқан үйде 20-шы қабат деңгейінен жүк көтергіштен құлап, мерт болған екі жұмысшының 2 курс студенттері екені анықталды. Олар Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінде ғарыштық техника және технологиялар кафедрасында тәлім алған.

Дихан Қамзабек, ЕҰУ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры:

Космостык техникаға түскен балалар, ол жай балалар емес. Екеуі де мемлекеттік гранттың жеңімпаздары.

Қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі опат болғандарды «жұмысшылар емес» деген ақпарат таратқан. Студенттердің ол жерде жұмыс істейтіндері құжатпен рәсімделмеген.

Мансұр Рамазанов, «Айнұр-Астана» компаниясының төрағасы:

Люди попали случайно на стройку. Никто не работал, никаких трудовых взаимоотношении не было.

Жауапкершілікті ешкім арқаламайтын оқиға туралы ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.