Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қоластындағыларды балағаттаған шенеуніктер қатаң жазаланады

AstanaTV
23.09.2016ж. 20:00
2371
Қоластындағыларды балағаттаған шенеуніктер қатаң жазаланады

Мемлекеттік қызметкерлер бұдан былай қол астындағы мамандарды сыйламағаны немесе балағаттағаны үшін қатаң жазаланады. Бұл жайында Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент директоры Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлады. Жуырда өңірдегі құрылыс басқармасының басшысы Мади Отарбаев осы мекеменің мамандарын қорлағаны үшін тәртіптік жазаға тартылған. Атқамінердің орынсыз әрекетінен шаршаған басқарма қызметкерлері оның сөздерін ұялы телефонға жазып алып, құзырлы органға жолдаған. Артынша тексеру жүргізіліп, аймақтағы бас құрылысшының қол астындағы қызметкерлеріне, шын мәнінде, «бақташыны қажет ететін қойлар» деп айтқаны расталды.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент басшысының айтуынша, мұндай ағаттыққа жол беретін шенеуніктер жетіп артылады. Енді мұндай фактілер арнайы комиссияда қаралып, сорақылыққа жол берген шенділер қатаң жазаланады. Осылай деген Тоқтамыс Жұмағұлов, мемлекеттік қызметкердің Әдеп кодексі - ауада қалқып жүрген сөз емес екенін, атап өтті.

Тоқтамыс Жұмағұлов, ШҚО мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент директоры:

Тексеріс жұмыстарының нәтижесінде негізгі фактілер расталды. Оған қатысты қатаң тәртіптік жаза шығарылды. Мемлекеттік органның жетекшілері қызмет барысында ең алдымен Әдеп кодексінің этикалық талаптарын орындауы тиіс. Өкінішке қарай, кейбір шенеуніктер мұны түсінбейді.