Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

AstanaTV
22.04.2023ж. 16:12
821
Теміртауда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

Теміртауда көлік қағып кеткен 40 жастағы тұрғын оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Оқиға кеше, 21 сәуірде 21:25 шамасында болған. Чернышевский көшесінің жаяу жүргіншілер өтуге болмайтын бөлігінен жолды қиып өткен жолаушыны көлік қағып кетті. Hyundai Cret маркалы автокөлікті 20 жастағы ер адам жүргізген", - деп жазылған хабарламада.

Жол апаты салдарынан 40 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болған.

Аталған дерек полицияда тіркелді және тиісті сараптамалар белгіленді. Сараптама қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданады.