Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Көкшетау тұрғынын бірнеше рет несие рәсімдеуге мәжбүрлеген күдікті ұсталды

AstanaTV
22.04.2023ж. 16:35
904
Көкшетау тұрғынын бірнеше рет несие рәсімдеуге мәжбүрлеген күдікті ұсталды

20 сәуірде Көкшетау қаласының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс тұрғынына қорқыту және зорлық-зомбылықты қолдану арқылы бірнеше рет тауарлық және ақшалай несиелер рәсімдеуге мәжбүр еткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды polisia.kz.

Басылым мәліметінше, шығын көлемі - 1,5 миллион теңге.

"Бұл факт ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Істің өзге мән-жайлары анықталуда. Осы баптың санкциясы үштен жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - делінген полиция хабарламасында.

Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.