Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

"АрселорМиттал Темиртау" заңгерінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
24.04.2023ж. 10:48
720
"АрселорМиттал Темиртау" заңгерінің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шахтинскіде өртенген пәтерде "АрселорМиттал Темиртау" заңгері Ирина Эмнің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заңгердің денесі 23 сәуірде өртті сөндіру кезінде табылған.

ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайын және қылмыс жасаған адамды табу бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген Қарағанды облысы ПД таратқан хабарламада.

Еске салсақ, 54 жастағы Ирине Эмнің денесі пышақ жарақаттарымен өртенген пәтерде табылғаны белгілі болды.