Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Димаштың бейнебаяны Перудегі 22 LED-экранда көрсетілді

AstanaTV
24.04.2023ж. 15:51
1212
Димаштың бейнебаяны Перудегі 22 LED-экранда көрсетілді

23 сәуірде Перу астанасы Лиманың екі ірі сауда орталығында Димаш Құдайбергеннің «Together» жаңа музыкалық бейнебаянын көрсететін жарнамалық экрандар іске қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай жоба DQPeruWorld және Dimash FC Peru Dears екі Перу фан-клубтарының бірлескен күш-жігерімен, сонымен қатар DQ Dear және Dimash Qudaibergen Serbia шетелдік фан-клубтарының ынтымақтастығымен жүзеге асқан. Бұл туралы Dimashnews.com сайты жазды.

Фан-клубтар бірлесе елдің ең ірі және ең көп баратын екі Mega Plaza & Jockey Plaza сауда орталықтарында 22 жарнамалық экранда «Together» бейнебаянының көрсетілімін дайындаған.

Мұндай экрандардағы жарнама барлық келушілерге Димаш Құдайбергеннің өнерімен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жарнамада әртістің ресми YouTube арнасына апаратын QR код бар.

"Перудегі «Together» жобасы қарапайым жарнамалық науқаннан әлдеқайда ауқымды. Бұл Димаштың керемет талантын барлық перуліктермен бөлісу мүмкіндігі. Біздің жоба барлық перулік Dears жанкүйерлерін біріктіру және Димашқа Перуде оны жақсы көретінімізді және таңданатынымызды крсету мақсатында үлкен махаббаттан туды", - дейді фан-клуб әкімшілігі.