Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Судандағы жағдайға байланысты қазақстандықтар эвакуацияланды - СІМ

AstanaTV
24.04.2023ж. 17:52
1137
Судандағы жағдайға байланысты қазақстандықтар эвакуацияланды - СІМ

Сыртқы істер министрлігі өкілдері қазір әскери төңкеріс жасалып жатқан Суданнан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазір Қазақстанның үш азаматы Суданнан эвакуацияланған.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, ол жерде біздің үш азаматымыз болған, олар Суданнан шшықты. Олардың бірі БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген, ол қазір Эфиопияда, Аддис-Абебада. Тағы бір азамат жапондық компанияда жұмыс істеді, ол да жапон дипломаттарының күшімен эвакуацияланды", - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, Суданда әскери төңкеріс әрекеті болып жатыр. 15 сәуірде Жедел әрекет ету күштері елдің тұрақты армиясымен қақтығыстар кезінде Судан астанасы Хартумдағы халықаралық әуежайды, сондай-ақ, Меровтағы әуе базасын бақылауға алды.