Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Инфляция деңгейі әлі де жоғары - Ұлттық банк төрағасы

AstanaTV
24.04.2023ж. 17:57
812
Инфляция деңгейі әлі де жоғары - Ұлттық банк төрағасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы бірінші тоқсандағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы туралы есеп берілді.

Президентке Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ, БЖЗҚ-ның, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматов ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді.

Мемлекет басшысына жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.