Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адам ұсталды

24.04.2023ж. 20:00
923
Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен ер адам ұсталды

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен күдікті ұсталды. Алпысты алқымдаған кісінің, жәбірленушімен танысқанына да көп болмаған. Жан түршігерлік қылмыс 12-ші сәуірде тіркелді. Күдікті базар ішін 3-4 қайтара айналып, бас салынған дорбаны шұжық сататын дүкенге тастап кеткен. Ал марқұм әйелдің денесі сағат таңғы 9-шамасында базардың маңындағы қараусыз ғимаратта табылды.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сот санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді азамат тұтқындалды. Қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды. Қазір Алматы қаласы ПД тергеу басқармасымен ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 2-бөлігімен тергеліп жатқан іс аясында сараптамалар тағайындалды.