Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ресейдегі «Вагнер» қатарына қосылған Марғұлан Бекенов елге оралған соң жазаға тартылады

24.04.2023ж. 20:00
656
Ресейдегі «Вагнер» қатарына қосылған Марғұлан Бекенов елге оралған соң жазаға тартылады

Ресейдегі «Вагнер» жеке әскери компаниясы қатарына қосылған отандасымыз Марғұлан Бекенов елге келген соң, жазаға тартылуы мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Бұған дейін көрші елде білім алып жатқан қазақстандық студенттің анасы баласын біреулер ұрлап әкетіп, Ресейдегі дайындық базасына жеткізгенін айтқан еді. Бірақ ведомство өкілі жігіттің өз еркімен барып, қол қойғанын мәлімдеді. Қазір оны елге қайтаруға қатысты тиісті шаралар жүргізілуде.

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Абайлаңдар. Туған-туыстарыңды ойлаңдар. Бұл жігіт те өз еркімен шешім қабылдаған. Өкінішті, әрине. Ресейдің құзырлы органдардың бәріне сауал жолдадық. Ақпараттарды тексеріп жатырмыз. Қолдан келгенше көмек көрсетеміз.